Язык:  Рус Каз Бастапқы
Алқындыр старттық Кері байланыс

Сайттың негізгі беті

Бүгінгі күні Қарағандының шығысында 224 км жерде  Қарқаралы ауданында  орналасқан «Шахтер» демалыс үйі барлығына белгілі. Көмір өндірісі қызметкерлерінің  демалысын ұйымдастыру  жүйесіндегі  демалыс үйінің 32 жылдық жұмысы – оның  өмірге төзімділігі мен  тұрақтылығын дәлелдейтін айтарлықтай мерзім.

Ұсынылатын қызметтердің жоғары сапасы  қолайлы демалуды қалайтын  жандарды сөзсіз осы жерге тартады. Бұл жерде қызметкерлер демалушылардың  кез келген тілектерін орындауға дайын , ал олардың  жоғары біліктілігі Сізге демалған кезде өзіңіздің проблеммаларыңызды ұмытуға  мүмкіндік береді.

«Шахтер» демалыс үйі өзінің қонақтарына құмды жағажайда күнге қыздырыну мен Пашенное көлінің жағасында балық аулауды, саңырауқұлақ пен жидектерді іздеп аймақты  кезуді, Пионерлер  шыңына шығуды  және  Чертово  көлі немесе Бассейн көлі сияқты ерекше қорықтағы  жерлерге  қызықты саяхат жасауды ұсынады. Сонымен қатар демалушылар үшін спорт алаңдары (футбол, волейбол,теннис), бассейн, дискотека мен  қайықтарды жалдау қызметтері көзделген. Қыста арқан жолы бар тау шаңғы трассасына баруға болады.